Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицейлер TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды Astana TV.
Белгілі болғандай, 18 жастағы Жанарыс Жұмабай онлайн-трансляция барысында көпшілік алдында балағат сөздер айтып, жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзған.
Аталған факті бойынша жігіт ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен оған 10 тәулік мерзімге қамауға алу жазасы тағайындалды.
Полиция барша азаматты "Заң мен тәртіп" қағидатын қатаң сақтауға шақырады.