Ақмола облысы Ерейментау қаласындағы кәсіпорындардың бірінде металл кесу жұмыстарын жүргізу кезінде құрылғылар құлап, бір адам металл конструкциялардың астында қалып қойды, деп хабарлайды Astana TV.
Ол өздігінен шыға алмай, құтқарушылар көмекке келді. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен ер адамды ауыр металл арқалықтардың астынан аман-есен алып шықты. Зардап шеккен азамат жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.