$444.3 €490.91 ₽5.41

Шыңғыс ханның бейнесін алкоголь мен темекі өнімдеріне пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін

Шыңғыс ханның бейнесін алкоголь мен темекі өнімдеріне пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін
Фото: Жаңа дәуір

Моңғолия Ұлы Моңғол мемлекетінің құрылғанына 820 жыл толуына орай Шыңғыс ханның тарихи мұрасын сақтау жөніндегі қаулы жобасын әзірлеуге кірісті

Бұл бастаманы Мемлекеттік Ұлы Хуралдың Мемлекеттік құрылым жөніндегі тұрақты комитеті мақұлдады, деп Astana TV тілшісі Жаңа дәуір басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Құжатта Шыңғыс ханның тарихи еңбегі, заңдары және әлемдік тарих пен өркениеттің дамуына қосқан үлесі атап өтілген. Сондай-ақ Ұлы Моңғол мемлекетінің мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеу, қорғау, жаңғырту және халықаралық деңгейде дәріптеу мәселелері қамтылған. Тарихи құндылықтарды елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени өміріне кеңінен енгізу қажеттігі де талқыланды.

Отырыс барысында МҰХ мүшесі Гантөмөр қаулы жобасын қолдайтынын білдіріп, Шыңғыс ханның бейнесін алкоголь мен темекі өнімдерін жарнамалау үшін пайдалануға тыйым салуды ұсынды. Басылымның дерегінше,  тұрақты комитет отырысына қатысқан мүшелердің басым бөлігі бұл ұсынысты қолдады.