Ақтауда психоневрологиялық орталықтың басшысы мамыр айынан бастап, мүгедек балалар 5 күн бойы орталықта жатпайтынын айтып, ата-аналарға ескерту таратқан. Жаңа стандартқа сай орталық балабақша принципі бойынша, яғни таңнан кешке дейін жұмыс істейтін болады депті. Алайда, ата-аналар бұл әрекетке келіспей, шағымдарын білдірді. Олардың сөзінше, қала сыртында тұратын олар үшін баланы күнде таксимен әкеліп-әкету қиындық тудырады. Ал кей жалғызбасты аналар жұмыс істей алмайтын болдық деп отыр.
Мен күнделікті қатынауды көргем, қалай қатынатамын? Менің ақшам жетпейді, жеке меншікте жұмыс жасаймын. Күнделікті маған беретін ақшасы мың теңгеден. Айлығым ішіп-жемге де жетпейді. Қазір заман қиын. Баланың пенсиясы өзімен-өзі кетеді. Дәрі-дәрмегі бар.
Алайда, интернат әкмішілігі бұл өзгерістердің қабылданғанына 3 жыл болған дейді. Десе де әкімдікпен келісімнің арқасында осы уақытқа дейін балаларды тәулік бойы қарап келдік деп отыр. Қазір ата-аналарда тек бір жол бар - ол интернат директорын баланың заңды қорғаншысы ету. Онда балалардың жәрдемақысының 70 пайызы интернатқа бөлінсе, 30 пайызы баланың жеке шотына түсіп отырады.
Шаттықгүл Қаракүшікова, № 3" арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы КММ директоры:
Стандарт өзгеруіне байланысты түнде қону жағдайы алынып тасталды. Соған байланысты біз түнде қалатын 25 баланың ата-анасына хабарландыру жібердік, 1 ай уақыт бердік. Тұрақты бөлімге ауыстыруға болады, сонда орын бар деп ескерткен болатынбыз.