$444.3 €490.91 ₽5.41

ШҚО-да қоғамдық орындарды ластаған үш тұрғын жауапқа тартылды

ШҚО-да қоғамдық орындарды ластаған үш тұрғын жауапқа тартылды
Polisia.kz

Темекі тұқылын тастағандарға әкімшілік іс қозғалды

ШҚО-да қоғамдық орындарды ластаған үш тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлайды Astana TV.

Темекі тұқылын жерге тастау әдеті Шығыс Қазақстан облысының үш тұрғынына әкімшілік жауапкершілікке әкелді. Құқық бұзушылықтар Риддер қаласында, Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарында тіркелді. Құқық бұзғандардың бірі – Риддер қаласының 36 жастағы тұрғыны, екіншісі – Катонқарағай ауданының 67 жастағы тұрғыны, үшіншісі – Үлкен Нарын ауданының 21 жастағы тұрғыны. Олардың барлығы сауда орындары мен базар маңына темекі тұқылын тастаған.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Темекі тұқылы көзге елеусіз қоқыс болып көрінуі мүмкін. Алайда қоғамдық орындардың ластануы осындай ұсақ әрекеттерден басталады. Көшелер мен қоғамдық аумақтардың тазалығы тек тазалық қызметкерлеріне ғана емес, әрбір тұрғынның жауапкершілігіне де байланысты. "Заң мен тәртіп" қағидаты – қоғамдық ортада тазалық сақтаудан және әр адамның өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауынан басталады.