$444.4 €488.97 ₽5.39

Алматыда интимдік қызмет көрсеткен 2 әйел адам ұсталды

Алматыда интимдік қызмет көрсеткен 2 әйел адам ұсталды
Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Қаланың орталығында интимдік қызмет көрсететін 2 пәтер анықталды

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталғандардың біреуі – шетел азаматы, деп хабарлайды Astana TV.

Полицияға шағым Төле би даңғылындағы тұрғын үйлердің біріндегі пәтерге қатысты түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы барып, ақпараттың рас-өтірігін тексерді. Екі пәтерді де тексерді. Екі әйел полиция бөліміне жеткізілді. Қазір оларжың жеке басы анықталып, құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ведомство өкілдері пәтер иесі тұрғын үйдің жезөкшелікпен айналысу үшін пайдаланылғанын білгені анықталса, оның да жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.