$444.3 €490.91 ₽5.41

Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа заң жобасы әзірленді

AstanaTV
16.11.2026ж. 19:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа заң жобасы әзірленді

Елімізде инклюзивті білім алуға тиіс 237 мыңнан астам бала бар. Мемлекет басшысы Жолдауында инклюзивті білім беруді дамыту және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы жағдай жасау маңызды міндет екенін атап өтті. Осы бағытта Құрылтай депутаттары  әртүрлі сала мамандарымен басқосты.  Жиында білім беруден бөлек, жұмыспен қамту мәселесі де талқыланды. Енді мектептен кейін жасөспірімдерге кәсіптік бағдар беріліп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ бұл бағытта жаңа платформа ашылмақ. . 

ШОЛПАН КАРИНОВА,  ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "ӘДІЛЕТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Интерактивті түрде осы цифрлық платформалық шешім қазір қабылданып жатыр. Соның ішінде барлық баланы кешенді қолдауға қатысатын субъектілер, бұлар емхана, бұл аурухана, бұл мектеп, балабақша, бұл психолог, психологиялық-медициналық коррекция кабинеттері, ПМПК-лар – осылардың барлығы бірден өз тараптарынан қолдау жұмыстарына кірісуі керек.