$443.96 €487.73 ₽5.38

Индонезия жағалауында магнитудасы 6,6 болатын жер сілкінісі тіркелді

Индонезия жағалауында магнитудасы 6,6 болатын жер сілкінісі тіркелді
Фото: freepik.com

Индонезия жағалауында магнитудасы 6,6 болатын күшті жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерін АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) тіркеді, деп хабарлайды Astana TV.

Америкалық сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі үйлестірілген әмбебап уақыт бойынша сағат 21:11-де, Қазақстан уақытымен 17 қарашада сағат 02:11-де болған.

Зілзаланың эпицентрі Индонезияның шамамен 89 мың тұрғыны бар Туал қаласынан 151 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 35 шақырым тереңдікте тіркелген.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер, қираған ғимараттар немесе цунами қаупі туралы ресми ақпарат түскен жоқ.

Аймақтың сейсмологиялық қызметтері жағдайды бақылауды жалғастырып жатыр.