$443.96 €487.73 ₽5.38

27 жыл бойы полициядан бой тасалаған қылмыскер Ресейде ұсталды

18.11.2026ж. 11:38
27 жыл бойы полициядан бой тасалаған қылмыскер Ресейде ұсталды
фото: polisia.kz

Павлодарда 1999 жылы қарақшылық шабуыл жасап, содан бері іздеуде жүрген қылмыскер Мәскеуде қолға түсті, деп хабарлайды Astana TV.

Оны Павлодар облысының полицейлері Ресей ІІМ қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында ұстаған.

Жалпы, 2026 жылдың 10 айында Павлодар облысында іздеуде жүрген 73 адам анықталған. Сонымен қатар шетелде бой тасалап жүрген тағы 7 қылмыскердің жүрген жері белгілі болды.