$443.96 €487.73 ₽5.38

Қаржының тиімділігін тексеру қажет - депутат

18.11.2026ж. 17:00
Қаржының тиімділігін тексеру қажет - депутат
фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға бөлінген бюджет қаражатының тиімділігін тексеру қажет. Бұл туралы «Әділет» партиясы фракциясының депутаты Аббат Өрісбаев Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді, деп хабарлайды Astana TV.

Депутаттың айтуынша, 2025 жылы жоспарланған 728 шақырым суару каналының небәрі 496 шақырымы жаңғыртылған. Сондай-ақ су шаруашылығындағы 5 681 нысанның тек 3,7 пайызы автоматтандырылған. Бұдан бөлек, 2026 жылы каналдарды жаңғыртуға сыртқы қарыз есебінен 14 млрд теңге қаражат қарастырылған.

Осыған байланысты Аббат Өрісбаев су шаруашылығын жаңғырту жобаларына кешенді тексеру жүргізуді, бюджет пен сыртқы қарыз қаражатының жұмсалу ашықтығын қамтамасыз етуді және су шығынын азайтуға бағытталған нақты тиімділік көрсеткіштерін енгізуді ұсынды.