Сыбайлас жемқорлық дерегімен күдікке ілінген «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы Елжас Отыншиев уақытша ұстау изоляторынан, тергеу изоляторына ауыстырылды, деп хабарлайды Astana TV.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, 12 қарашада екі басшы уақытша ұстау изоляторына жеткізілген еді. Сот санкциясымен олар тергеу изоляторына ауыстырылды.
Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу құпиясына байланысты өзге мәліметтер әзірге жарияланбайды.