$444.16 €487.29 ₽5.4

Құтқарушылар екі туристі таудан түсірді

18.11.2026ж. 20:19
Құтқарушылар екі туристі таудан түсірді
Фото: Алматы ТЖД

Алматы қаласы Медеу ауданындағы Скалистый шыңының маңында Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары екі туристі таудан түсіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Astana TV.

2003 және 2008 жылы туған азаматтар таңертең тауға көтерілген. Алайда қараңғы түскен соң өздігінен төмен түсе алмаған. Олармен байланыс үзілмей, орналасқан жері анықталған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар туристерді аман-есен «Алма-Арасан» аялдамасына дейін алып түсті. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Әрі қарай жастар үйлеріне өз беттерінше жетуді жоспарлаған.

ТЖМ тауға шығатын азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады: жорықты жоспарлау кезінде ауа райын, күннің бататын уақытын, маршруттың күрделілігін және өз физикалық мүмкіндіктеріңізді ескеріңіз. Қажетті дайындық пен жабдықсыз тауға шықпаңыз.