$444.16 €487.29 ₽5.4

Шымкентте бензовоз аударылып, артынша өрт шықты

AstanaTV
19.11.2026ж. 19:00
Шымкентте бензовоз аударылып, артынша өрт шықты

Шымкентте бензовоз аударылып, жүргізуші қаза тапты.  Қайғылы оқиға Ташкент тасжолында болған. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше,  құтқарушылар оқиға орнына жедел жеткенімен, аударылған көлік пен жолға төгілген жанармай жанған.   60 шаршы метр аумақты шарпыған жалын  сөндірілді. Көлік кабинасынан ер адамның мәйіті табылған. Қазір полиция апаттың себеп-салдарын анықтап жатыр.