$444.16 €487.29 ₽5.4

Бизнеске 16 триллион 400 миллиарды теңге несие беріледі

19.11.2026ж. 19:00
Бизнеске 16 триллион 400 миллиарды теңге несие беріледі

Елде 2 миллионға жуық шағын және орта бизнес субъектісі бар. Онда  4 миллионға жуық адам тер төгеді. Кәсібін одан әрі дөңгелетуді көздейтіндер алдымыздан кездесетін кедергі  әлі де көп дейді. Бірі несиенің пайызын көп көрсе, енді бірі кепілзаттың тапшылығын айтады. Үкімет осы мәселемін күресуді бастадық дейді. Биыл Қазақстан банк секторының активтері 76 триллион 800 миллиард теңгеге жеткен. Экономиканы несиелеу көлемі – 43 триллион 100 миллиард теңге. Оның 16 триллион 400 миллиарды бизнеске берілген несие. Тағы бір балама жол – қор нарығы. Яғни, инвесторлардан ақша тарту. 

ГҮЛНАЗ АТАМҚҰЛОВА, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жаңа кредиттік өнімдер мен қаржыландыру тетіктерін қалыптастыру қажет. Бұл шағын және орта бизнестің ірі кәсіпорындарға айналуына, жаңа жұмыс орындарын ашуына және қосылған құн қалыптастыруына мүмкіндік беруі тиіс. Президент айтқан жаңа цифрлық экономиканы енгізу мәселесі – басты тақырып.