$444.16 €487.29 ₽5.4

Таразда екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан сарбаздардың мазарын    талқандап кетті

AstanaTV
19.11.2026ж. 19:00
Таразда екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан сарбаздардың мазарын    талқандап кетті

Таразда екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан сарбаздардың мазарын    талқандап кетті.   Мұнда Жамбылдағы эвакуациялық госпитальдарда көз жұмған 72 жауынгер жерленген. Белгісіз біреулер қабір  ішіндегі мемориалды ескерткішті бүлдіріп, стеланы сындырып, тарихи нысанға қатты зақым келтірген.  Полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктілерді қолға түсіру үшін жедел іздестіру әрекетін жүргізіп жатыр. 

 ГҮЛАСАРА МҰҚТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған дерек бойынша ескерткіштерді қорлау дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта құқық бұзушыларды анықтап, ұстауға бағытталған жедел-істестіру шаралары жүргізілуде. Құқық бұзушылар заң талаптарына сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.