$448.72 €493.86 ₽5.49

Өскелең ұрпақтың мүддесі – басты назарда: Құрылтай жанындағы «Қазақстан балалары» депутаттық тобының ЮНИСЕФ-пен бірлескен алғашқы отырысы өтті

Өскелең ұрпақтың мүддесі – басты назарда: Құрылтай жанындағы «Қазақстан балалары» депутаттық тобының ЮНИСЕФ-пен бірлескен алғашқы отырысы өтті
Фото: Әділет партиясы

Құрылтайда«Қазақстан балалары» депутаттықтобының алғашқы отырысы өтті. Жиындабалалардың құқықтарын қорғау, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықорнату және өңірлердегі бастамалардықолдау мәселелері талқыланды

Отырысты депутаттық топтың жетекшісі, Құрылтай депутаты Дана Медеуова жүргізді. Жиында Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебайқұттықтау сөз сөйледі. Төраға ата-ана, бала және отбасы құқығын қорғау Қазақстанныңжаңа Конституциясында бекітілген бастықұндылықтардың бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды Әділет партиясының баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев еліміздегі әрбір баланың бақытты әріқауіпсіз балалық шағы болуы керектігінбірнеше рет атап өтті. Президенттіңқолдауымен елімізде балаларды дамытуға, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауғабағытталған кешенді мемлекеттік жүйеқалыптасты. Мемлекет басшысыныңтапсырмасымен «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қабылданып, жүзегеасырылып жатыр. Бұл стратегиялық құжаттыңбасты мақсаты – балаларға арналған барлыққолдау шараларын бір жүйеге біріктіріп, олардың дүниеге келген сәтінен бастап ересекөмірге қадам басқанға дейінгі дамуына жағдайжасау», – деді Құрылтай Төрағасы.

Айбек Дәдебай балалардың мүддесінеқатысты мәселелерді шешу үшін әртүрліфракция депутаттарының басын қосқанарнайы топ құрудың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, бұл қоғамды толғандыратынөзекті мәселелерді жан-жақты әрі нақтыталқылауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ депутаттық топ жұмысыныңмаңызды бағыттарының бірі халықаралықсеріктестермен, әсіресе ЮНИСЕФ ұйымыменынтымақтастық болуы керектігін айтты. Бұлбалалардың құқықтарын қорғау саласындағыозық халықаралық тәжірибені зерделеуге жолашады. Құрылтай Төрағасы «Қазақстанбалалары» депутаттық тобын құруғабастамашы болған азаматтарға алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Отырысқа ЮНИСЕФ өкілдері Абдул Азиз Фофана мен доктор Рашед Мустафа Сарвар, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісіСаранго Раднарагча, Еуропалық ОдақтыңҚазақстандағы өкілдігінің басшысы, елшіАлешка Симкич, Президенттің әлеуметтікмәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цой, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, ҚұрылтайТөрағасының орынбасары Динара Закиева, сондай-ақ депутаттар мен мемлекеттікоргандардың өкілдері қатысты. Талқылаубарысында қатысушылар өз ұсыныстарынортаға салып, алдағы бірлескен жұмыстыңнегізгі бағыттарын айқындады.

Жиынның маңызды сәттерінің бірі – «Қазақстан балалары» депутаттық тобы мен ЮНИСЕФ арасында ниет хатына қол қоюболды. Тараптар заңнаманы жетілдіру, балалардың мүддесіне бағытталғанжобаларды қолдау және өңірлердегімәселелерге ерекше назар аудару бағытындабірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

«Жалпыұлттық бастамалар еліміздің әрбірқаласы мен елді мекенінде нақты іске асуыкерек», – деді Дана Медеуова.

Осы мақсатта депутаттық топ әкімдіктермен тікелей байланыс орнатып, әрөңірде жауапты үйлестірушілерді белгілейді. Бұл балалардың жергілікті жерлердегіқажеттіліктерін тереңірек түсінуге жәнепайдалы бастамаларды іс жүзінде жүзегеасыруға мүмкіндік береді.

«Депутаттық топ балалардың құқықтарынқорғау жөніндегі ұстанымды жүйеліпарламенттік жұмысқа айналдыруға мүмкіндікбереді. Сонымен қатар балалардың пікірінтыңдау да аса маңызды. ЮНИСЕФ бұлжұмысты қажетті деректермен, сараптамалыққолдаумен және басқа елдердіңпарламентшілерімен тәжірибе алмасу жағынқамтамасыз етуге дайын», – деді ЮНИСЕФ-тіңөңірлік директорының орынбасары Абдул Азиз Фофана.

Өз кезегінде ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағыөкілі доктор Рашед Мустафа Сарварбалалардың құқықтарын қорғау жұмысынамемлекеттік деңгейде қолдау көрсетудіңмаңызын атап өтті.

«Орталық Азияда алғаш рет балалардыңмүддесін қорғауға бағытталған парламенттіктоптың құрылуы – Қазақстан үшін маңыздықадам. Бұл мемлекеттің бала құқықтарынқорғауға берік ұстанымын көрсетеді. Қазақстанның тәжірибесі Орталық Азия елдеріне және басқа да мемлекеттерге үлгібола алады. ЮНИСЕФ осы тәжірибені таратуғажәне елдер арасында бөлісуге дайын», – дедідоктор Рашед Мустафа Сарвар.

ЮНИСЕФ-тің халықаралық тәжірибесі мен Қазақстандағы жұмысы бұл бағыттағыбастамаларға үлкен қолдау болмақ. Бірлескенжоба балалардың қауіпсіздігін нығайтуға, құқықтарын қорғауға және жан-жақты дамуынақолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жиынды қорытындылаған Дана Медеуовафранцуз жазушысы Франсуа Рабленің: «Бала – толтыруды қажет ететін ыдыс емес, тұтатудықажет ететін шырақ», – деген сөзін еске салды. Бұл сөз алдағы жұмыстың негізгі мәнінайқындайды. Яғни баланы қорғаумен ғанашектелмей, оның қабілетін ашуға, өз күшінесенуіне және өмірден өз жолын табуынакөмектесу маңызды.

Балаларға қамқорлық жасау – мемлекетпен қоғамның ортақ міндеті. Бүгін олардыңжақсы өмір сүруіне жағдай жасау арқылыеліміздің болашағын қалыптастырамыз.