$448.72 €493.86 ₽5.49

Құрылтай делегациясы ТМД жиынына қатысты

AstanaTV
20.11.2026ж. 19:00
Құрылтай делегациясы ТМД жиынына қатысты

Құрылтай делегациясы Түрікменстанда өткен ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Кеңесі мен 61-пленарлық отырысына қатысты. Жиын барысында Қазақстандағы саяси реформалар мен экономикалық көрсеткіштер таныстырылды. ТМД-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеу және бірыңғай цифрлық көлік дәлізін қалыптастыру ұсынылды. Сондай-ақ көші-қонды реттеу, сауда кедергілерін жою және трансшекаралық су ресурстары мәселелері көтерілді. Жасанды интеллект пен робототехниканы террористік мақсатта қолдануға қарсы модельдік заң қабылданды. Делегация сапары аясында Түрікменстан басшылығымен екіжақты кездесулер өтті. 

 АЙБЕК ДӘДЕБАЙ,  ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгінгі таңда ТМД біздің мемлекеттеріміздің арасындағы саяси диалогты, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және жан-жақты мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету үшін тұрақты әрі біріктіруші платформа ретінде қызмет етуде. Сонымен қатар, парламенттік бірлікТМД ішіндегі интеграциялық процестерге ерекше құқықтық тұрақтылық беріп, Достастықтың институционалдық негізін нығайтуда маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасының Құрылтайы ұйым шеңберінде серіктестерімен одан әрі сындарлы өзара іс-қимылға дайын екенін білдіреді.