$448.72 €493.86 ₽5.49

“Ембімұнайгаз” АҚ өндіріске “Цифрлық телнұсқа” жобасын енгізіп жатыр

“Ембімұнайгаз” АҚ өндіріске “Цифрлық телнұсқа” жобасын енгізіп жатыр

Қазақ мұнайының қарашаңырағы - «Ембімұнайгаз»  кәсіпорны өндірісті цифрландыруды қарқынды дамытып келеді. Жыл басынан бері 2млн 500 мың тоннаға жуық мұнай өндірді. Компания цифрлық телнұсқа жобасын іске қосып, алынуы қиын мұнай қорын игеруді жоспарлап отыр. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз турында журналистерге кәсіпорынның қауіпсіз әрі тиімді өндіріс бағытындағы тың жаңалықтары мен инвестициялық жобалары таныстырды.

Цифрлық телнұсқа пилоттық жобасы аясында «Шығыс Молдабек» кен орны таңдалып, 300-ден астам ұңғымаға интеллектуалды бақылау және басқару станциялары орнатылған. Барлық өндіруші ұңғымалар мен топтық өлшеу қондырғыларынан деректері қашықтан жиналып, орталық офистегі осы интеграцияланған операциялар орталығында бақыланады.  Компания бас директоры жобаның артықшылығын айтты. 

РИНАТ ІЗМҰХАНБЕТ, “ЕМБІМҰНАЙГАЗ” АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Біз мұны болашақта барлық кен орындарға енгізуді жоспарлап отырмыз,  өте революциялық жоба. Бүгінде 32 кен орны бар. Келесі кезекте «Жылыоймұнайгаз» басқармасына қарасты екінші ірі кен орны — Сағидолла Нұржанов енгізіледі. Бүгінгі таңда игеріліп жатқан екі нысан бойынша алдын ала есептеулер жүргізілді. Мәселен, бұрын 2027 жылы  6 көлбеу-бағытталған ұңғыма бұрғылау жоспарланса,  қайта қарап, заманауи тәсілдер 6 ұңғыманың орнына 2 көлденең ұңғыма бұрғылауға мүмкіндік береді. Бұл шығындарды оңтайландырып, қосымша мұнай өндіруге жол ашады.

Кәсіпорынның тағы бір жаңалығы - газ поршеньді электр станциясының іске қосылуы. Мына 3 қондырғы арқылы  жылына шамамен 12,7 млн текше метр ілеспе газдан электр энергиясын өндіреді. Осы маңдағы 6 кен орны кәсіпорынның өзінде өндіретін электр  энергиясын пайдаланбақ. Осылайша өзге электр желісіне тәуелділікті әрі шығынды азайтады.

ЖӘНІБЕКБАЙ ТӨЛЕГЕНОВ,  “ЕМБІМҰНАЙГАЗ” АҚ  БАС ЭНЕРГЕТИГІ:

Жобалық қуаттылығы  6,9 мегаваттық. Қазіргі таңда беріп тұрғаны 5,7 мегават. +”Ембімұнайгаз” АҚ  барлығы қуаттылығы 23 мегават болса,  қазіргі таңда біздер 15,5 мегаватт,67 пайыз  өзіміздің  генерациямызды қолданамыз.  Қалған 33пайызын көтерме қуат нарығынан сатып алатын боламыз. + Ілеспе газ жоқ жерлер бар ол жерлерге келесі жылға күн сәулесі, басқа да балама электр балама түрін ойластырып отырмыз.

Ал бұл - биыл шілде айында  іске  қосылған Оңтүстік-Шығыс Новобогат кен орнындағы газды кешенді дайындау қондырғысы. Қуаттылығы жылына  80 млн текше метр газды өңдейді.  Ішкі нарықты сапасы жоғары тауарлы газ, сұйытылған газ және пентан-гексан фракциясымен қамтамасыз етеді. Бұл кен орнындағы мұнай өндіру көлемін жылына 30 мың тоннадан 110 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Компания басшылығыкен орындарын игеруде технологиялық инновациялар қолдану арқылы өндіріс көлемін ұлғайтып,  қауіпсіздік пен  қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлеміз,- дейді. Әрі мұнайшылардың алаңсыз жұмыс жасауы үшін жайлы жатақхана, демалыс орны мен асханамен жабдықталған.