$448.72 €493.86 ₽5.49

Оралда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде тоқтап, жолаушыларды түсірген

Оралда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде тоқтап, жолаушыларды түсірген
Polisia.kz

Жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды

Оралда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде тоқтап, жолаушыларды түсірген, деп хабарлайды Astana TV.

БҚО ПД жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы Орал қаласының көшелеріне жүргізілген мониторинг барысында 18 қараша күні күндізгі уақытта Skoda автокөлігі жүргізушісінің жолда жүру қағидаларын бұзғаны анықталды. Атап айтқанда, жүргізуші Н.Назарбаев даңғылы мен Ж.Молдағалиев көшелерінің қиылысында бағдаршамның дәл астына жаяу жүргіншілер өткелінің қақ үстіне тоқтап, жолаушыларды көліктен түсіре бастаған. Осы сәтте жаяу адамдардың өтуі үшін бағдаршамның жасыл жарығы жанып, көліктің жаяу адамдардың жолында тұруы салдарынан жолдан өтпек болған жаяу жүргіншілер көлікті айналып өтуге мәжбүр болған. Мұндай әрекет жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіріп қана қоймай, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Аталған дерек бойынша патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлік жүргізушісін тоқтатып, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жүргізушіге жол қозғалысы қағидаларын бұзудың қауіптілігі түсіндірілді. Құқық бұзушылық жасағаны үшін жүргізуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды. Көлік жүргізушісі Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының 50 жастағы тұрғыны екені анықталды. Осы орайда полиция қызметкерлері жүргізушілерді жолда жүру қағидаларын қатаң сақтап, жаяу жүргіншілер өткелдерінде тоқтап тұруға болмайтынын ескертеді.