$455 €498.77 ₽5.56

Атырауда пиротехниканы заңсыз қолданған 20-ға жуық азамат жауапқа тартылды

Атырауда пиротехниканы заңсыз қолданған 20-ға жуық азамат жауапқа тартылды
Polisia.kz

Отшашу атқан 25 жастағы азамат жауапкершілікке тартылды

Атырауда пиротехниканы заңсыз қолданған 20-ға жуық азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Astana TV.

10-30 қараша аралығында Атырау облысында заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді қолдану, сатып алу, тасымалдау тәртібінің сақталуын тексеру мақсатында "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шара аясында полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлері бірлесіп, сауда орындары мен базарларда рейд жүргізіп, пиротехникалық өнімдерді сақтау және сату талаптарын тексеруде. Сонымен қатар, саудагерлерге қауіпсіздік талаптары түсіндірілуде. Айта кетейік, жыл басынан бері облыста пиротехникалық бұйымдарды елді мекендерде пайдалану бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабымен 20-ға жуық құқық бұзушылық анықталды. Мәселен, 10 қазан күні Нұрсая ықшам ауданындағы мейрамханалардың бірінің алдында белгіленбеген жерде отшашу атқан 25 жастағы азамат жауапкершілікке тартылды. Полиция тұрғындарды пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.