Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматыда жоғарғы сынып оқушылары арасындағы халықаралық өнертапқыштар сайысы өтті

AstanaTV
16.04.2018ж. 20:00
3187
Алматыда жоғарғы сынып оқушылары арасындағы халықаралық өнертапқыштар сайысы өтті

Алматыда әлемнің әр түкпірінен келген 450 өнертапқыш бас қосты. Олар - Азия, АҚШ, Еуропа, және Африканың 25 мемлекетінің өрендері. INFOMATRIX -ASIA халықаралық компьютерлік жобалар байқауына қатысушылар ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларымен бөлісті. Арасында робототехника, бағдарламалау, компьютерлік графика, қысқаметражды фильм жасайтын мықтылар да бар. Дәстүрлі сайысқа биыл «drone racing», яғни дрондар жарысы енгізіліп отыр. Ұшу аппаратын да жоғары сынып оқушылары құрыстырған. Бұл шара «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан қолдау тапқан. Білім және ғылым министрлігі «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығының қолдауымен өнертапқыштар сайысы Сүйлеймен Демирель университетінің аумағында өтіп отыр. Сайыста жеңіп шыққан оқушылар жоғарғы оқу орындарына тегін грантқа жолдама алады.

Мейірбек Мәжитов, жоба ұйымдастырушысы:

Оқушыларымыз өз жобаларын тек Қазақстанда емес, шетелдік әріптестермен пікір алмасып, тәжірибе алмасып, екі күн ішінде үлкен пікірлер алмасу болады. Және біздің ең үздік жүлдегерлер оқу орындарымыздағы инженерлік факультеттерде 100 пайыздық жеңілдікпен білім алады. 

Азамат Дүйсембаев, өнертапқыш:

«Мего Суммо» роботын жасап әкелдім. Басқа роботтардан ерекшелігі, күш-қуаты көбірек болу үшін 4 мотор қолдандым. Мұнда  арнайы сенсорлар орналасқан, міне жаып тұр, олар басқа роботтарды жақсы итеруге көмектеседі.