Негізгі / Жаңалықтар / «Астана» велошабандозы UCI рейтингінде 4-ші сатыға көтерілді

«Астана» велошабандозы UCI рейтингінде 4-ші сатыға көтерілді

«Астана» велоклубының шабандозы Михаэль Вальгрен Голландияда жарқын жеңіске жетті. Ол бақ сынаған Amstel Gold Race - маусымның алғашқы  класикалық үлгісі болып саналады. Ұйымдастырушылар биыл ара қашықтықты ұзартып, тағы бір айналым қосқан. Бұл біздің спортшының еркін көсілуіне  септігін тигізді.

Жарыс басталысымен 9 бірдей спортшы алға сытылып шыққан, алайда, шешуші сәтте жерлесіміз оларды басып озды.  Петер Саган, Алехандро Вальверді шаң қаптырған ол финалда «Астананың» бұрынғы спортшысы Роман Кройцигермен кездесті. Осы жеңістің арқасында Михаэль UCI рейтингінде 10 сатыға көтеріліп, 4-ші орынға жайғасты.