Сакурадзима жанартауының атқылауы салдарынан күл бағаны кратерден бір шақырымға жуық биіктікке көтерілген, деп хабарлайды Astana TV.
Жапонияның оңтүстігінде Сакурадзима жанартауы атқылады. Жанартау күлінің бағаны кратерден шамамен 1 000 метр биіктікке көтерілді. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.
Жапонияның Кюсю аралының оңтүстігіндегі Кагосима префектурасында орналасқан Сакурадзима жанартауы атқылады.
Белгілі болғандай, атқылау кезінде жанартау күлінің бағаны кратерден шамамен 1 000 метр биіктікке көтерілген.
Жанартау Кагосима қаласынан шамамен сегіз шақырым жерде, Кинко шығанағының қарама-қарсы жағалауында орналасқан.