$455 €498.77 ₽5.56

Маңғыстауда 44 түп марихуана өсірген жасырын есірткі зертханасы анықталды

Маңғыстауда 44 түп марихуана өсірген жасырын есірткі зертханасы анықталды
Фото: istockphoto

Тінту кезінде 44 түп марихуана мен арнайы жабдықтар тәркіленді. Күдікті ұсталып, сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Astana TV.

Маңғыстау облысы прокуратурасының бастамасымен биыл қазан айында есірткі өсімдіктерін заңсыз өсірумен айналысқан жасырын зертхананың қызметі тоқтатылды.

Оқиғаға қатысы бар адам ұсталды.

Тінту кезінде 44 түп марихуана өсімдігі және арнайы жабдықтар – шамдар мен таймерлер тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктінің заңсыз әрекеті есірткі заттарын кейіннен сатуға бағытталған, – деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабының 1-бөлігімен (есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) сотқа дейінгі тергеу басталды.