$455.12 €498.99 ₽5.55

Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты

AstanaTV
24.11.2026ж. 19:00
Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты

Ақтөбе облысында бір күнде екі жол апаты тіркелді. Қайғылы оқиға екі адамның өмірін қиды. Қандыағаш-Шалқар тасжолында көлік аударылып, рөлде отырған әйел адам тіл тартпай кетті. Марқұм аудандық аурухананың дәрігері. Ал облыс орталығында екі жеңіл көлік соқтығысып, тағы бір жолаушы қаза тапты. Үш адам жарақат алды. Қайғылы оқиға Оңтүстік айналма жолында орын алған. Бір күнде екі адамның өмірін жалмаған жол апаттарының себеп-салдарын қазір полиция анықтап жатыр. 

АЙБЕК БОРАШЕВ,  ОБЛЫСТЫҚ ПД ӘПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

"Қазіргі таңда тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ақтөбе облысы полиция департаменті жолда жүрген кезде жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді'