Алматыда жоқ пәтерлерді жалға беріп жұртты алдаған күдікті ұсталды. Ол әлеуметтік желілер мен интернетте тәуліктік пәтер жалға берілетіні туралы хабарландырулар жариялаған. Алайда жарнамада көрсетілген баспаналар шын мәнінде болмаған. Сеніп, пәтер жалдауға ниет білдірген азаматтар уәде етілген пәтерге қол жеткізе алмай, ақшасынан қағылған. Полиция мәліметінше, күдіктінің осыған ұқсас 32 алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды. Күдікті ұсталып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.