$455.12 €498.99 ₽5.55

Цифрлық қауіпсіздік: жеке деректерді қалай қорғау керек?

AstanaTV
24.11.2026ж. 19:00
Цифрлық қауіпсіздік: жеке деректерді қалай қорғау керек?

Мемлекет басшысы Жолдауында елімізді жаппай цифрландыруға және жасанды интеллект технологияларын дамытуға ерекше назар аударды. Бұл бағытта жаңа технологияларды тиімді әрі қауіпсіз пайдалану маңызды. Мамандардың айтуынша, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, жеке деректерді қорғау мәдениетін қалыптастыру және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау цифрлық қоғамның дамуына ықпал етеді. Бүгінде жасанды интеллект платформаларындағы қауіпсіздік баптауларын дұрыс пайдалану арқылы жеке ақпараттың қорғалу деңгейін арттыруға болады. 

ДАУРЕН САГИТАЛҰЛЫ, ASTANA IT UNIVERSITY КИБЕРҚАУІПСІЗДІК БАҒЫТЫ БОЙЫНША АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

Көптеген пайдаланушы бір құпиясөзді бірнеше сервисте қолданады. Егер солардың біреуі бұзылса, алаяқтар басқа аккаунттарға да кіруге әрекет жасауы мүмкін. Сондықтан әр платформаға жеке әрі күрделі құпиясөз орнату қажет. Мемлекет басшысы Жолдауында цифрландыруды тиімді пайдалануға басымдық беруі бекер емес.