Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматыдағы трамвай депосында қалған соңғы үш вагон 2 миллион 300 мың теңгеге сатылды

AstanaTV
17.04.2018ж. 20:00
2495
Алматыдағы трамвай депосында қалған соңғы үш вагон 2 миллион 300 мың теңгеге сатылды

Алматыда трамвай депосында қалған соңғы үш вагон 2 миллион 300 мың теңгеге сатылды. Бұл туралы «АлматыЭлектроТранс» компаниясының өкілі Михаил Чайка мәлімдеді. Оның сөзіне сүйенсек, дәл осы үш трамвай депоның жабылуына басты себепші. Яғни бір вагон 2014-ші жылы отқа оранса, қалған екеуі  2015-ші жылғы жол-көлік апатына соқтырған. Сол уақыттан кейін жарамсыз деп танылып, жылдар бойы қоймада тұрыпты. Депода барлығы 16 вагон болса, оның 13-ін осы жылдың басында өскемендік трамвай паркі сатып алған. Аукцион арқылы саудаланған вагондар құны 444 миллион теңгені құрады.

Михаил Чайка, «АлматыЭлектроТранс» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы:

Техникалық сараптама барысында жарамсыз деп танылған 3 вагонымыз электронды сауда алаңында аукцион арқылы сатылып отыр. Бастапқыда 1 миллион 751 мың теңгеге қойылды. Екі қатысушы қатысқан сауда алаңында «Кама-2007» компаниясы жеңіп шықты. Әзірге ол тараптың адамдарымен әлі кездеспедік. Бірақ 10 күн аралығында келіп, келісімге қол қоюлары керек.

Қазір 15 шақырымнан асатын Мақатаев, Жароков және Байтұрсынұлы көшелеріндегі рельстерді жинау жұмыстары басталған. 2 ай көлемінде алынған 1300 тоннадай шойынды іріктеп, бағалап, ары қарай аукционға қою жоспарланып отыр. Мегаполисте жалпы ұзындығы 60 шақырым рельс болса, оның жартысы өткен жылы жиналған болатын.