Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақтың ақбас сиыры тәуелсіздік алғалы 4 есеге дейін кеміп кеткен

AstanaTV
17.04.2018ж. 20:00
7675
Қазақтың ақбас сиыры тәуелсіздік алғалы 4 есеге дейін кеміп кеткен

Қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малының саны тәуелсіздік алғалы шамамен 4 есеге кеміп кеткен. Бұл тіпті асыл тұқымды ірі қара тұқымының құрып кетуінің аз-ақ алдында тұр деген сөз.  Ал төл асыл тұқымды малдың санын арттыру ет экспортынада тың серпін беріп, ішкі сұранысты да толық қанағаттандыруға мүмкіндік берер еді. Қазатың ақбас тұқымы, республикалық палата мамандарының пікірінше, асыл тұқымды мал санының көбейуіне кедергі болып отырған бірнеше фактор бар. Солардың бірі - герефорд тұқымды бұқаларды ақбас тұқымдымен будандастыру, мамандар жетіспеушілігі, ветеринариялық қауіпсіздіктің сақталмауы. 

Жексенбай Дүйсебаев , ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Бұған себеп көп, өтпелі кезең, нарыққа өту, шаруашылықтардың жекешелендіруге өтуі - бәрі-бәрі себеп болды. Содан кейін асыл тұқымға көңіл бөлінбеуі себеп. Енді бұл жағдайдан біз көтеріліп шығып, орнына қойып, қайта дамытып, әлемде өз брендімізге айналдыруымыз керек. 

Бір ақбас ірі қара малы орташа есеппен 500-800 келі аралығында ет береді.  Ел көлемінде 1992-ші жылы 1 млн 16 мың ақбас ірі қара тіркелсе, 2018-ші жылғы ақпаратқа сай, асыл тұқымды малдың саны 271 мың басты құраған. Биылғы жылғы ақпаратқа сай, ақбас сиырды өсірумен елде 1 305 шаруашылық айналысады, онда 176 125 бас асылтұқымды ірі қара бар.