Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Балалар дәрігерлері міндетті түрде резидентурадан өтуі тиіс

AstanaTV
17.04.2018ж. 20:00
2433
Балалар дәрігерлері міндетті түрде резидентурадан өтуі тиіс

Есту қабілеті бұзылған балаларды шетелдерде емдеп, миллиондаған қаржы жұмсаған дұрыс па, әлде, сол операцияны үйреніп алып, отандық дәрігерлердің ота жүргізгені тиімді ме? Бүгін «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтардың арыз шағымын тыңдаған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қоластындағыларға осындай сауал тастады.

Қоғамдық қабылдауға келген бір топ ата-ана, балаларының есту жүйесінде мүкісі болғандықтан, білім алуында қиындықтар бар екенін айтты. Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі шетелдің білікті дәрігерлерін шақыртып, ота жасатып, бір жола біздің дәрігерлер де үйренсе деген ниетін білдірді. Сондай-ақ балаларға ота жүргізетін дәрігерлер міндетті түрде резидентурадан өту керек, ол үшін министрлік грант бөліп жатқанын айтты.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Мысалы, жалпы практикалық дәрігер, жалпы педиатрға біз резидентурасыз жұмыс істеуге рұқсат бердік уақытша. Бірақ балалар хирургиясы ол тізімге кірмейді, міндетті түрде өту керек. Министрлік тарапынан гранттар бөлінеді, МЖОО-ға содан конкурс арқылы түсіп, оқуға мүмкіндік бар.