$458.28 €501.45 ₽5.59

Соңғы жеті жылда Қазақстанның саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде ауқымды өзгерістер болды: Құрылтай депутаттары үндеу жариялады

AstanaTV
25.11.2026ж. 19:00
Соңғы жеті жылда Қазақстанның саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде ауқымды өзгерістер болды: Құрылтай депутаттары үндеу жариялады

Соңғы жеті жылда Қазақстанның саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде ауқымды өзгерістер болды. Бұл туралы Құрылтай депутаттары Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай жариялаған үндеуінде айтты. {Онда елдің осы кезеңде жеткен жетістіктері сараланып, алдағы даму бағыттарына басымдық берілген. Атап айтқанда, жеті жылда жалпы ішкі өнім көлемі 2,5 есе өсіп, 398 миллиард долларға жеткен. Елде 625 жаңа өнеркәсіп кәсіпорны іске қосылып, 1300-ден астам мектеп, 1483 балабақша және 1259 медициналық мекеме салынған. Ғылымды қаржыландыру көлемі де 3,6 есе артқан. Депутаттар қол жеткен табыстарды бағалай отырып, Тәуелсіздікті нығайту, ел бірлігін сақтау және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту жолындағы жұмыстарды жалғастыру қажет екенін жеткізді. 

ДИХАН ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "ӘДІЛЕТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан тұтас дәуірге татитын күрделі де жауапты кезеңді бастан өткерді. Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығын алдағы өсу көкжиегімізді, нақты мақсат-мүддемізді айқындайтын жауаптыкезеңге айналдыруымыз керек. Дәл бүгін жұдырықтай жұмылып, ұлт болып ұйысып, Президентіміз жариялаған «Құрылыс және тағы да құрылыс!» халықтық бастаманы нақты іспен қолдауымыз керек. Тіпті, бұл - әрбіріміз үшін абыройлы міндет! Халық игілігіне арналған жүздеген әлеуметтік, әділеттіктің жалпыұлттық құрылысы – осы күнге өнеге, келешеккемақтаныш болады деп сенеміз.