$458.57 €501.54 ₽5.57

Жел күшейіп, қар аралас жаңбыр жауады

26.11.2026ж. 07:18
Жел күшейіп, қар аралас жаңбыр жауады
Фото: pixabay

«Қазгидромет» ақпаратынша, еліміздің көптеген өңірінде қар аралас жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды AstanaTV.

Астанада құбылмалы бұлтты болады. Жаңбыр аралас қар жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетіп, екпіні 15–20, кей уақытта 23–28 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы -1...+1°C, күндіз +6...+8°C болады.

Алматыда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, екпіні 13 метрге дейін жетеді. Түнде +5...+7°C, күндіз +15...+17°C жылы болады.

Шымкентте бұлтты болып, жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде +8...+10°C, күндіз +23...+25°C.

Ақтауда жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15–20, кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +3...+5°C, күндіз +8...+10°C.

Ақтөбеде жаңбыр аралас қар жауады. Желдің екпіні 15–18 м/с болады. Түнде және күндіз 0...-2°C.

Атырауда жаңбыр аралас қар күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы тәулік бойы 0...+2°C шамасында болады.

Жезқазғанда жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15–20, кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +2...+4°C, күндіз +7...+9°C.

Қарағандыда жаңбыр жауып, желдің екпіні 15–20, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +2...+4°C, күндіз +7...+9°C.

Көкшетауда жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метр болып, екпіні 23–28, кей уақытта 30 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде -1...+1°C, күндіз +3...+5°C.

Қонаевта жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болады. Желдің екпіні 15–20, кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +5...+7°C, күндіз +15...+17°C.

Қостанайда жаңбыр аралас қар жауады. Желдің екпіні 15–20 м/с болады. Түнде және күндіз +1...+3°C.

Қызылордада жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы +7...+9°C болып, кейін төмендейді.

Павлодарда жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде 0...-2°C, күндіз +4...+6°C.

Петропавлда жаңбыр аралас қар күтіледі. Желдің екпіні 23–28, кей уақытта 30 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде 0...-2°C, күндіз +2...+4°C.

Семейде жауын-шашын болмайды. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Түнде 0...-2°C, күндіз +6...+8°C.

Талдықорғанда жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр болады. Түнде -4...-6°C, күндіз +16...+18°C.

Таразда жаңбыр жауады. Желдің екпіні 23–28, кей уақытта 30 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +8...+10°C, күндіз +22...+24°C.

Түркістанда жаңбыр жауып, желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +9...+11°C, күндіз +20...+22°C.

Оралда жаңбыр аралас қар жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр болады. Түнде -2...0°C, күндіз 0...+2°C.

Өскеменде жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде -3...-1°C, күндіз +5...+7°C.