Өрт сөндірушілер тұрғын үйдегі өрт кезінде жеті адамды құтқарды, деп хабарлайды AstanaTV.
Ұлытау облысы Қаражал қаласында Тойымбеков көшесінде орналасқан үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты.
Оқиға орнына ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетті. Құтқарушылар барлау жұмыстарын жүргізіп, өртті сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарына кірісті.
Өртті сөндіру барысында тұрғындардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Үш иінді баспалдақтың көмегімен өрт сөндірушілер үшінші қабаттан жеті адамды, оның ішінде төрт баланы эвакуациялады.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде адамдар қауіпті аймақтан уақытылы шығарылып, ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды.
112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.