Кездесу барысында мемлекеттер басшылары цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды AstanaTV.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Кремльде кездесті.
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселелерін, сондай-ақ 27 қарашада өтетін AI Journey 2026 халықаралық конференциясын талқылады.
Сонымен қатар екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларына баса мән берілді.