$458.57 €501.54 ₽5.57

Алматыда жеке тұрғын үй өртеніп, бес адам қаза тапты

AstanaTV
26.11.2026ж. 19:00
Алматыда жеке тұрғын үй өртеніп, бес адам қаза тапты

Алматыда жеке тұрғын үй өртеніп, бес адам қаза тапты. Қайғылы оқиға түнгі сағат үш жарым шамасында болған. Өрт кезінде баспанада бірнеше отбасы тұрған. 

Өрт түнде шамамен сағат 03:30-да тұтанған. Тұрғындардың айтуынша, ғимарат жатақхана үлгісінде салынған. Жеті-сегіз бөлмеден тұратын баспанада әр бөлмені екі-үш адамнан жалдап тұрған. Жалын тұтас үйге тез тараған. Өртті алғашқылардың бірі болып байқағандар терезеден шығып, жан сауғалаған.

МИРЛАН ТҰРГАНБАЕВ, ТҰРҒЫН:

Төртеуміз жатқанбыз үйде. Әйелім түнде сағат 4-те оятты. Хорошо анау есігі мықтап жабық тұрған. Бір иістен дейді. Атып шықтық. Қарасам бәрі жанып жатыр үстіңгі жағы. Терезені аштық та, киініп, зытып шықтық қой асығып. Сол документтер қалған. 

Алайда баспананың барлық тұрғыны бірдей шығып үлгермеген. Куәгерлердің айтуынша, өрт шыққан тұсқа жақын бөлмелерде болған адамдар түтінге тұншығып қалған. Қаза тапқандардың арасында төртінші сынып оқушысы, екі ер адам және анасы мен қызы бар.

АНАРА ТҰРҒАНБАЕВА, ТҰРҒЫН:

 Олар үлгермеді. Түтін басқан кезде, түтінді жұтып, соған шыдамай, тұншығып қалған. Аман қалғандарды қонақ үйге жеткізді. Әзірге сонда тұрып жатырмыз.  

ҒАЗИЗА ӘМІРБЕК, ТІЛШІ:

Қазір оқиға орны оқшауланған. Аумақты полицейлер лентамен қоршап, ешкімді кіргізбей жатыр. Қыбыр еткен жанды да өткізіп жатқан жоқ. Тіпті осы көшенің тұрғындарында маңына жолатпай жатыр. Құзырлы орган мен төтеншеліктер мән-жайды анықтауда.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ:

ТЖД алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі шақырту түскеннен кейін 4 минуттан соң оқиға орнына жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, жалынның ашық әрі қарқынды жануы байқалған. Өрт сағат 04:42-де толық сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан шамамен 35 адам және 9 бірлік техника жұмылдырылды.

Полиция адам өліміне әкеп соққан өрт дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.