Оралда "Әділет" партиясының мүшелері бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен Президент Жолдауын талқылады. Кездесуде Жолдау жүктеген міндеттерді өңірде жүзеге асыру жолдары сөз болды. Келер жылы елімізде "Халықтық құрылыс" жобасы басталады. Осылайша аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны бой көтерсе, білім, спорт және мәдениет салаларында 50-ге жуық нысан салу көзделген. Тілшілер өз сөзінде құрылыстың сапалы болуына мән беруді баса айтты. Бұл бағытта ауқымды істі қадағалайтын партиялық бақылау комиссияларына жүктелер жауапкершілік жоғары. Тараптар Жолдаудың әр тармағы нақты іспен орындалуы тиіс деген ортақ тоқтамға келді.
ГАУХАР ШАЙХИНИЯЗОВА, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫ БҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бүгінгі басқосуда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Жолдауды қолдайтындарын, сонымен қатар партия тарапынан алдағы уақытта атқарылар жұмыстарды үлкен бақылауға алып, сапалы жұмыс жүргізуге мән беру керектігі туралы өздерінің пікірлерін білдірді.
Мемлекет басшысы Жолдауында инвестиция тарту мен кәсіпкерлікті дамыту бағытында зор үміт күттіретін Алатау қаласының маңызына тоқталған еді. Партия өкілдері шаһардағы медициналық бұйымдар өндіретін отандық «Dolce Pharm» серіктестігінің еңбек ұжымымен және тұрғындармен кездесті. 30 жылға жуық тарихы бар кәсіпорында бүгінде 500-ге жуық жұмысшы еңбек етеді. Басқосуда Жолдаудың басым бағыттары кеңінен түсіндірілді.
ДАНИЯР ҚАСҚАРАУОВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Енді Алатау қаласына ерекше статус берілді. Қазір міне үлкен құрылыстар басталып жатыр. Осы жерде өзінің заңы болады, шағын кәсіпкерлерге 3 жылға мараторий 2027 жылдан бастап енгізу туралы сондай қолдау ол да үлкен қолдау деп есептеймін.