$458.57 €501.54 ₽5.57

Астаналық оқушы Әлихан Бөкейханмен туыстығын дәлелдеп шықты

AstanaTV
26.11.2026ж. 19:00
Астаналық оқушы Әлихан Бөкейханмен туыстығын дәлелдеп шықты

Астаналық оқушы Әлихан Бөкейханмен туыстығын дәлелдеп шықты.  Ол елордада өткен «Архив құжаттарындағы менің отбасымның тарихы» байқауында Алаш қайраткеріне қатысты тың деректерді ұсынған. Дәстүрлі байқауға биыл Астана мен Алматыдан 140 жоба түсіп, ақтық сынға 60 үздік жұмыс іріктелді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өз әулетінің шежіресін зерттеуге құштар жастардың қатары жыл санап артып келеді. 

ҚАЙРАТ ӘЛІМҒАЗИНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ АРХИВІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 Бұл шараны осыдан бес жыл бұрын ұсынғанбыз. мектеп оқушыларына, алматы және астана қалаларына. Соңғы бесжылдықта осы шараға 350-ден астам оқышулар қатысты. Жылдан жылға бұл жобаға қатысушылардың саны көбейіп келе жатыр. 

ӘБІЛМАНСУР ДОС, ҚАТЫСУШЫ:

Әлихан Бөкейханмен мен тікелей туысқан болып келемін. Ә.Бөкейханның 37 жылы Мәскеудер берген баяндамалар, "Алаш Орда" партиясының жалпы мақсаты қандай болғаны осы жердегі мұрағаттардан табылды. Соның арқасында бүгін мен осы сайыста Әлихан Бөкейзханмен туысқандығымды дәлелдеп, соны қорғап отырмын.