Стивен
Спилбергтің ең табысты режиссер ретіндегі беделі нығая түсті. Оның
фильмдері жинаған қаржының жалпы жиынтығы 10 миллиард долларға жетті.
Кинорежиссердің 983 миллион доллар жинаған «Юрий кезіндегі парк» фильмі табысы
жағынан ең озық коммерциялық картина болып саналады. Одан кейінгі орында
«Индиана Джонс пен Кристаллды бассүйек Корольдігі» және «Өзге ғаламшарлық»
туындылары тұр. Сондай-ақ, «Бірінші ойыншыға дайындалу қажет» туындысы бір ай
ішінде әлем бойынша 475 миллион доллар жинап үлгерген. Әзірге Спилбергтің
рекордын ешкім жаңартқан жоқ. Ал 5 коммерциялық табысты режиссерлер
қатарына Майкл Бэй, Джеймс Кэмерон және
Дэвид Йейтс кірді.