$458.13 €502.29 ₽5.58

Астанада зағип жандарға арналған сайлау учаскелерінде дауыс беру жүріп жатыр

Астанада зағип жандарға арналған сайлау учаскелерінде дауыс беру жүріп жатыр
Gov.kz

Астанада мәслихат депутаттарын сайлау барысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Бүгін көру қабілеті бұзылған азаматтар елордада сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Astana TV.

Елордадағы сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі және жүріп-тұруы қиын азаматтарға қолайлы орта қалыптастырылған. Атап айтқанда, учаскелер пандустармен, тактильді көрсеткіштермен және мүгедектер арбасын пайдаланатын азаматтарға бейімделген арнайы кабиналармен жабдықталған.

Көру қабілеті бұзылған сайлаушыларға дауыс беру кезінде арнайы трафареттер ұсынылады. Сонымен қатар есту қабілеті бұзылған азаматтарға сурдоаудармашылар қызмет көрсетеді.

Сайлау учаскелерінде еріктілер де кезекшілік етіп, азаматтарға қажетті көмек көрсетуде. Ал дауыс беру орнына өздігінен келе алмайтын тұрғындар үшін инватакси қызметі ұйымдастырылған.

Айта кетейік, елордадағы 446 сайлау учаскесінде барлық азаматтың сайлау құқығын тең жағдайда жүзеге асыруына мүмкіндік жасалған.