$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жекенің қолындағы жайылымдарды мемлекетке қайтару үшін 180 млрд, тұрғын үй салуға қажет телімдер үшін 1 млрд теңге керек - Шөкеев

AstanaTV
19.04.2018ж. 20:00
2528
Жекенің қолындағы жайылымдарды мемлекетке қайтару үшін 180 млрд, тұрғын үй салуға қажет телімдер үшін 1 млрд теңге керек - Шөкеев

Жекенің қолындағы жайылым жерлерді мемлекетке қайтару үшін 180 млрд теңге, ал тұрғын үй салуға қажет телімдер үшін 1 млрд теңгедей қаржы керек. Бұл туралы Сенат отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев айтты.

Елді мекендердің маңындағы жекеменшік  жерлер мемлекет мұқтаждығы үшін кері қайтарылмақ. Шөкеевтің айтуынша, бүгінде шаруаларға қосымша 27 млн гектардай жайылым қажет. Ал, тұрғын үй құрылысына ауылдардың маңынан 173 мың гектар жер керек. Бүгін жоғары палата Қазақстанның кей заң актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдады. Министр құжаттың ерекше тұстарына тоқталды

Өмірзақ Шөкеев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі:

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке сату және шетелдіктерге жалға беру туралы енгізілген мораторий шеңберін кеңейту қарастырылып отыр, онда 1 пайыз болса да шетелдік үлесі бар қазақстандық заңды тұрлғаларға жер берілмейтін болады. Және ауыл шаруалшылығы жерлерін тек қана қазақстандықтарға жалға беру иниститутын жетілдіруді көздейді. 

Ал депутаттар ауылдағы қарапайым шаруалардың жер учаскелерін рәсімдеуде кедергілерге тап болып отырғанын айтты. Оларға министрлік тарапынан қолдау болса дегенді айтты.

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Әкімдіктің қаулысы бар, жер учаскесін бөлу туралы, бірақ оны әрі қарай рәсімдеу мемлекеттік актісін алу қазір тоқтап қалған, түсініксіз жағдай қалыптасып тұр. Осы мәселе бойынша қалай шешімін табуға болады?

Өмірзақ Шөкеев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі:

Ауыл шаруашылығы жерлерін беру жөнінде тізім жасалып, комиссияда қаралып, ашық жариялы түрде әрі учаскені қарау керек деп ойлаймын. Бұл саяси сезімтал мәселе. Сондықтан осы заңның шеңберінде енді жұмыс істеу керек.