Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тоқтатылуы мүмкін

AstanaTV
20.04.2018ж. 20:00
2680
Мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тоқтатылуы мүмкін

Мемлекеттік сатып алу кезінде бір көзден сатып алу үрдісі тоқтатылуы мүмкін. Бүгін мәжілісте аталған мәселеге қатысты заң жобасы қаралды. Депутаттар сатып алу төңірегіндегі басты проблемаларды атап айтты. Ол демпинг, материалдық базасы жоқ компаниялардың тендерде жеңіске жетуі. Сондай ақ, бір көзден сатып алу және субмердігер тарту. Елдегі мемлекеттік тапсырыстың 80 пайызы құрылыс саласына тиесілі. Үкімет Бас мердігерге жұмыс көлемінің 3/2-сін субмердігерге беруді ұсынады. Ал депутаттар, жауапкершілікті күшейту үшін, субмердігерден мүлдем бас тарту қажет дейді.  

Уәлихан Қайназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Әскерге беріп жатқан тамақтарды екі есе төмен түсіріп ұтып алды. Ертең сұрақ туындамайды ма? Қандай сапа, қандай тамақ беріп жатыр? Қорғаныс саласы ұлттық қауіпсіздікке әсер етпей ме? Сол сияқты құрылыс саласы болсын, басқа тауар болсын, бәрі осыған әсер етіп жатыр.

Осының алдын алу үшін, заңға арнайы демпинг деген ұғым енгізіледі. Мәселен, құрылыста бағаны 10 пайыздан артық түсіруге болмайды деген шектеу қойылады. Әр сала бойынша нақты пайыз белгіленбек.