$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жамбылда қанды оқиғаға қатысқан күдіктілер сотталды

AstanaTV
24.04.2018ж. 20:00
4198
Жамбылда қанды оқиғаға қатысқан күдіктілер сотталды

Таразда қанды оқиғаға қатысы бар деп айыпталған 6 адамға үкім шықты. Олар жаппай төбелес кезінде 30 жастағы Қаракемер ауылының тұрғынын атып өлтірген деген күдікке іліккен еді. Сотталғандардың барлығы да Жамбыл ауданы Құмтиын ауылының тұрғындары.

Жамбыл Жұмабеков, Жамбыл облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

Нұрзат Тілеубеков 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Маймақов 6 жыл,  Амантаевқа түпкілікті 6 жыл, Олжас Жапаровқа түпкілікті  3 жыл 6 ай,  Ниятұлына 3 жыл, Нұрлыбаев 5 жыл шартты мерзімге сотталып, пробация бақылауына алынды.

Оқиға былтыр қараша айында болды. 50-ге жуық адам қатыстқан төбелестің арты қарулы қақтығысқа ұласқан. Олар Қаракемер мен Құмтиын ауылдарының тұрғындары. Сот залында оқылған деректерге сенсек, оқиға орнында мерт болған марқұмның денесінен 33 бытыра оғы табылып, тағы онға жуық адам жараланған.

Судьяның сөзінше, мылтық оғынан марқұм болған жігіттің ағасы Құмтиын ауылында тұратын бойжеткенді ренжітіп алыпты. Оны естіген қыздың ағасы қарындасына қол көтерген жігітті бір топ жолдасымен барып сабап кетеді. Ал, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен жігіт артынша өз ауылындағы 40-қа жуық адамды ертіп кек қайтаруға барған. Сол кезде ол қару оғынан қаза табады. Алайда, айыпталушылар сот үкімімен келіспей, қыз намысын қорғадық деп қарсылық білдірді.