Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қызылжарда қабырғасы құлаған үйдің тұрғындарын әкімдік пәтермен қамтымақ

AstanaTV
23.04.2018ж. 20:00
2791
Қызылжарда қабырғасы құлаған үйдің тұрғындарын әкімдік пәтермен қамтымақ

Қызылжарда қабырғасы құлаған үйдің тұрғындарын әкімдік пәтермен қамтымақ. Жергілікті билік өкілдері осылай деді. Өткен демалыс күні ескі үйдің бір қабырғасы опырылған. Абырой болғанда, адамдар аман. 8 пәтерлі баспана 2015 жылы ресми түрде апатты деп танылған. Мұнда 3 отбасы тұрып келген. Қалғандары нысан апатты деп танылған соң баспаналарын тастап кеткен.  Далада қалғандарға уақытша баспана ұсынылды. Бүгінде Қызылжарда 18 тұрғын үй апатты жағдайда. Билік өкілдері олардың 3 жыл ішінде сүрілетінін мәлімдеді.

Евгений Глотов, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

3 отбасының біреуі апатты үйде заңсыз тұрған екен. Оған жаңа пәтердің бұйыруы екі талай. Ал қалған екеуі үй кезегінде тұр. Оларға жаңадан пәтер сатып алынбақ. Бұл мәселе әрі кетсе бір айдың ішінде шешіледі.