$521.53 €601.01 ₽6.43
×

Қарағандыда 5 ай бойы ыстық су болмайды

AstanaTV
23.04.2018ж. 20:00
2792
Қарағандыда 5 ай бойы ыстық су болмайды

Қарағандыда 5 ай бойы ыстық су болмайды. Бүгіннен бастап біртіндеп тоқтатылып жатыр. Бұл туралы «Теплотранзит Қарағанды» серіктестігінің басшылығы мәлімдеді. Айтуларынша, бұл өзгеріс жөндеу жұмыстарына байланысты. Шаһарда сытық су құбырларының 70 пайызының әбден тозығы жеткен.

Серік Балқышев, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС бас директоры:

10 шақырым құбыр жөнделеді. Бізде жылу мен ыстық су құбыры бір болғандықтан, жөндеу кезінде 3-інші жылу қазандығынан ыстық су беретін мүмкіндік жоқ.

Мұнан бөлек, 260 шақырымнан астам жылу магистралінің жағдайын тексеру үшін түрлі сынақтар өткізіледі. Жылу жүйесіндегі ақаулар анықталмақ. Жөндеу жұмыстарына облыстық және республикалық бюджеттен 8 жарым млрд теңге бөлінген. Күзден бері жылу жүйесінен 418 ақау шығып, коммуналшылар оларды жыл бойы жөндеп шыққан.