Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Алматыда кеміргіштермен күреске 71 миллион теңге жұмсалады

AstanaTV
23.04.2018ж. 20:00
3214
Алматыда кеміргіштермен күреске 71 миллион теңге жұмсалады

Алматыда кеміргіштермен күрес жұмыстары басталды. Биыл егеуқұйрықтар мен тышқандарды улау науқанына 71 миллион теңге бөлінген. Шаһардағы 47 мың гектар аумақ дәріленеді. Күрес шаралары ашық алаңдар мен саябақтар, өзен жағалаулары мен қоқыс контейнерлері маңында жүргізіледі. Ал, жер үйлердің иелеріне дәрі-дәрмек герметикалық пакетке оралып тегін берілмек.

Қарлығаш Әбдіжаппарова, Алматы қаласы ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

Өткен жылы бұл жұмыстарға 86 миллион теңге жұмсалған, тез көбейетіндіктен, олармен күрес жылда жүргізіледі. Алдымен қақпан құру арқылы орналасуы мен мөлшерін анықтауға тырысамыз. Мұнан кейін толықтай дәріленеді. Бұл шара 1998 жылдан бері тұрақты жүргізіліп келеді. 

Нұрман Садыров, компания директоры:

8 бригада жұмыс істеп жатыр. Сегізі тек қана жер үйлерге таратып жүргендер, әр бригада да 7-8 адамнан. Тағы екі бригада осындай арықтың, судың жағасында, мусорный контейнердің жағасында, тағы да сондай жерлерде, егеуқұйрықтардың көп жиналатын жерлері «открытый биотоп» дейді, сондай жерлерде жұмыс жасап жатыр.