Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтөбеде 4 адамды өрттен құтқарған әскери қызметшіге құрмет көрсетілді

AstanaTV
23.04.2018ж. 20:00
2922
Ақтөбеде 4 адамды өрттен құтқарған әскери қызметшіге құрмет көрсетілді

Ақтөбеде 4 адамды өрттен құтқарған әскери қызметшіге құрмет көрсетілді. 66\55 әскери бөлімінің қызметкері Рысқали Еңсепбаев жұмыстан қайтып келе жатып, екі қабатты тұрғын үйдің жалынға оранғанын көреді. Көмек сұраған дауысты ести сала, үйге кіріп, өртеніп жатқан пәтердегі қарияны құтқарған. Одан соң тағы бір тұрғын мен екі сәбиді де жалын арасынан аман алып шыққан. Ескі үйдегі өрт электр сымдарының тұйықталуынан болған екен. Ал бейбіт күннің батырына әріптестері мен өнер ұжымдары құрмет көрсетті. Әскери бөлім басшылығы екінші дәрежелі «Ұлттық Ұлан қызметінің үздігі» медалін табыс етті.

Рысқали Еңсепбаев, № 66\55 әскери бөлімінің қызметкері:

Бір жігіт көмек сұрады, іште екі кішкентай балам бар, ішке түтін кіріп, тұншығуы мүмкін деп. Ішке подъезд арқылы кіруге мүмкіндік болмады. 2 этажға терезе арқылы өрмелеп, екі баланы түсірдік. Одан кейін сол екінші жақ бетінен бір әйел адам көмек сұрады. Сол кісінің жолдасы да келіп тұр екен жұмыстан, сол екеуміз сол адамды түсіріп алдық. Бұны еш уақытта ерлік деп санамаймын.