Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

АҚШ-тың Ресейге санкциялары әсерінен елде жаңа көліктер құны қымбаттауы мүмкін - Алферов

AstanaTV
23.04.2018ж. 20:00
2998
АҚШ-тың Ресейге санкциялары әсерінен елде жаңа көліктер құны қымбаттауы мүмкін - Алферов

АҚШ-тың Ресейге санкциялары әсерінен елде жаңа көліктер құны қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағының басшысы Олег Алферов айтты. Оның сөзінше, санкция салдарының көлік нарығына әсері сала мамандарын толғандырып отыр. Теңге мен рубльдің долларға шаққандағы бағамы құлдырай түссе, импортталатын көліктердің қымбаттауына әкеледі. Ал, мемлекеттік қызметкерлер шет елдік қымбат көліктерді сатып алуды жалғастырып отыр.

Олег Алферов, «Қазавтоөндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының» басқарма төрағасы:

Мемлекеттік қызметкерлердің қызығушылығын тудыратын Toyota Camry және Hilux көліктері. Бағасы 10-13 млн теңге аралығында. Қостанай облыстық ІІД 13,9 млн теңгеге, Шымкенттегі мәслихат аппараты 12,9 млн теңгеге шетелдік көлік алған. Жалпы, былтыр мемлекеттік қызметкерлер 4,7 млрд теңгеге 461 дана қымбат көлік сатып алған.

Десе де салада жақсы динамика байқалады. Осы жылдың алғашқы тоқсанында отандық көлік өндірісі екі есеге артқан. Қаңтар-наурыз айларында көлік өндірушілер құны 40 млрд теңге тұратын 7 мың көлік шығарған. Оның ішінде арнайы техника, автобустар, жүк көліктері мен көлік тіркемелері бар. Темір тұлпарларды сату да қарқын алып, екі есеге артқан. Жеңіл көлік алушылар жаңа көлікке 26 млрд теңгедей қаражат жұмсапты. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі жарым есеге көп. Қазір отандық көлік өнідрісі импортталатын көлікпен бой түзеп, 50 де 50 қалпына жетті, - деді Алферов. Оның пікірінше, мұндай нәтижеге жаңа модельдермен, жеңілдетілген несиелер арқасында қол жетіп отыр.