Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодар іргесіндегі Ленин кентінің тұрғындары апатты үйлерде тұруға мәжбүр

AstanaTV
27.04.2018ж. 20:00
2008
Павлодар іргесіндегі  Ленин кентінің тұрғындары апатты үйлерде тұруға мәжбүр

Сұрықсыз үйдегі сүреңсіз тірлік! Павлодар іргесіндегі Ленин кентінің тұрғындары қабырғасы қақырап, шатыры шытынаған баспаналарда тұруға мәжбүр. Олардың айтуынша, тұрғын үйдің коммуникациядан ажыратылғанына жиырма жылдан асқан. Тілшіміз байланыста. Әсемгүл, бұл үй апатты деп танылған ба?

Әсемгүл Мұхитқызы, тілші:

Ия, Оксана. Мұндағы бұқараны алаңдатып отырғаны осы. Бір күні құлай ма деп уайымдайды. Өмірлерін шүберекке байлап отыр десе де болады. Ленин кенті Павлодардың іргесінде. Қауіпті баспанада тұратындар кімнен көмек сұрайтындарын білмей дал.

Три старика, она живет одна, и мы вдвоем. И так вот жить в таких условиях, как мы живем, это вообще не знаю. 

Валентина Гудина екі бөлмелі пәтерін 1976 жылы алған. Ыстық-суық су, орталықтандырылған газ бен жылу желісінің барлығы болған. Алайда кеңес өкіметі құлап, құлдырау басталғанда ғимараттар біртіндеп өркениеттен де қағылған. 

Валентина Гудина, Ленин кентінің тұрғыны:

Мен әкемді білмей өстім. Екі жасымда соғысқа кетіп, мерт болды. Анамыз екеуміз ел қатарлы өмір сүруге тырыстық. Еңбектендік. Бірақ дәл осы жасқа жеткенде, осындай жағдайда тірлік етемін деп еш ойламаппын.

Төрт подъезді, үш қабатты үйде 40 пәтер болыпты. Қазір екеуі ғана аман. Үстіңгі қабаттың сау тамтығы қалмаған. Қабырғалары бұзылып, кірпіштері талан-таражға түскен. Шенділер бір кездері ғимаратты қалыпқа келтіру туралы сөз қозғапты. Кейін райынан қайтып, осы үйдің алдындағы бес қабатты нысанды «жөндейміз» деп уәде еткен. Бірақ мәселе әлі шешілмей тұр.

Әсемгүл Мұхитқызы, тілші:

Қалаға қарайтын Ленин кентіндегі проблемалар мұнымен шектелмейді. Елді мекеннің инфрақұрылымында да олқылықтар жетерлік. Тұрғындар тағы қандай түйткілмен күресуге мәжбүр? Әкімдіктің жоспары қандай? Мәселе қалай шешіледі. Осы сұрақтарға жауап іздеп көрдім. Бұл туралы «Біздің уақыт» сараптамалық бағдарламасында зерделеп айтатын боламын.

Рахмет, Әсемгүл. Тілші материалын сенбі, яғни ертең, 20:00-де көре аласыздар