Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Павлодарда экстремистік-террористік баппен сотталғандардың қолынан шыққан суреттер көрмесі ашылды

AstanaTV
02.05.2018ж. 20:00
11449
Павлодарда экстремистік-террористік баппен сотталғандардың қолынан шыққан суреттер көрмесі ашылды

Керекуде жазасын өтеушілердің қыл қаламынан туған суреттер көрмеге қойылды. Туынды авторлары негізінен экстремизм және терроризм бабымен сотталғандар. Мұндай шара елімізде алғаш рет өтіп отыр. Келушілер назарына 25 жұмыс ұсынылған. Түрлі-түсті бояулар арқылы халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бейнеленген. Туындылардың тақырыбынан автордың өмірлік позициясын аңғаруға болады, дейді мамандар. «Ақорда», «Конституция», «Туған жер» сынды суреттер сотталғандардың бүгінгі қоғамды, мемлекеттілікті мойындағанын танытады. Ал, қазақи нақыштағы шығармаларға қарап, теріс ағымның жетегіне кеткен жандардың дұрыс жолды қайта тапқанын бағамдайсыз. Яғни сананың өзгеруі.

Зайда Асанбаева, Конфессияаралық қарым-қатынасты талдау және дамыту орталығының бөлім басшысы:

Мына көрмедегі суреттерге назар аударатын болсақ, өздеріңіз көріп отырсыздар, Конституция күнімен, Рухани жаңғыру деген, ойын-тойлардағы домбыра ойнаған, Наурыз, туған күндерге деген көзқарастарын көрсетіп жатыр.