$509.51 €570.6 ₽6.3
×

Дамыған елдер мен дамушы елдер арасындағы айырма ұлғайып барады - сарапшылар

AstanaTV
04.05.2018ж. 20:00
16746
Дамыған елдер мен дамушы елдер арасындағы айырма ұлғайып барады - сарапшылар

Сандық технологияларды пайдаланудың арқасында дамыған елдер арасындағы айырма ұлғайып барады. Қазақстан соңғы технологияға сай цифрландыру жүйесіне көшуді жеделдетпесе, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бастамасы едәуір созылуы мүмкін. Бұл туралы Астана экономикалық форумы алдындағы «Жаһандық сын-қатерлер және 21-ші ғасырдағы Қазақстан» тақырыбын қамтыған дөңгелек үстел барысында айтылды. Отандық сарапшылардың пікірінше, сандық жүйеге көшу қарапайым адам күшін пайдаланудан әлдеқайда тиімді.

Бақытгүл Хамбар, стратегиялық зерттеулер институты АҚ әзірлемелер орталығы басшысы:

Кей сарапшылардың пікірінше, ғаламдық мәліметтер дейді ғой, солардың 90 пайызы соңғы 2 жылда пайда болған екен. Оның жылдан жылға қаншалықты жылдам екенін көрсетеді. Және тек дамушы елде сандық жүйеге көшу жылына 25 пайызға өсіп келеді дейді. Сондықтан көптеген мәселелер осыған арналады деп ойлаймын.